ЭШФ жазып беру мерзімдерін бұзушылыққа байланысты жауапкершілік туралы

Дата создания: 24.10.2016
Дата изменения: 02.02.2016
  • 3811
  • ID: -

    Date: 29:03:2024

  • <неавторизован>

2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 432-V "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен Салық Кодексіне электрондық шот-фактураны жазып беру міндеттемесіне байланысты өзгерістер енгізілген.

ҚР СК 263-бабының 2-тармағына қандай санаттағы азаматттар қай кезеңнен бастап шот-фактураларды электрондық нысанда жазып беруге міндетті болатынын белгілейтін ережелер қосылған.

2016 жылы қантар айынан бастап уәкілетті экономикалық операторлар шот-фактураларды электрондық нысанда жазып беруге міндетті.

2016 жылы шілде айынан бастап сондай-ақ кеден өкілдері, кедендік тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймаларының иелері, кедендік қоймалардың иелері шот-фактураларды электрондық нысанда жазып береді.

2017 жылдан бастап барлық салық төлеушілерінің шот-фактураларды электрондық нысанда жазып беру міндеттемесі пайда болады.

  • (3811)

База знаний

Комментировать материалы сайта могут зарегистрированные пользователи.
Вход с помощью STSL

Нет комментариев