Қосымша электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактура

Дата создания: 08.09.2016
Дата изменения: 03.02.2016
  • 6306
  • ID: -

    Date: 19:03:2024

  • <неавторизован>

Вашим коллегам были интересны эти материалы в этом году:

Қазақстан Республикасы СК 265-бабына сәйкес салық салынатын айналым мөлшерінің түзетілуі кезінде қосымша шот-фактура келесі жағдайларда жазылады:

  • тауарларды толық немесе ішінара қайтару;

  • мәміленің шарттарын өзгерту;

  • өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін бағаларының өтемақыларының өзгеруі;

  • бағаны түсіру, сату бағасын түсірген;

  • өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін теңгемен төлеу кезінде құнының айырмасын алу ақысын теңгемен төлеген кезде олардың құнындағы айырмашылығын алу;

  • бұдан бұрын өткізу бойынша айналымға еңгізілген ыдыстарды қайтару кезінде.

Егер шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен бұрын, сол күнгі ҚҚС мөлшерлемесі бойынша жазылса, және бұл мөлшерлеме өткізу бойынша айналым жасалған күні қолданыста болған мөлшерлемеден өзгеше болған жағдайда да қосымша шот-фактура жазылады.

Қосымша шот-фактура негізгі шот-фактураға "айырмашылыққа" жазып беріледі. Жазып берілетін қосымша шот-фактуралардың саны шектелмеуі мүмкін. Дегенмен, келесі қосымша шот-фактураны жазып берген кезде алдындағы қосымша шот-фактураның әсерін ескеру қажет.

Қосымша шот-фактура салық салынатын айналым мөлшерінің түзетілуі кезіннен ерте емес және қағаз жетгізгіштегі шот-фактура күнтізбелік 7 күннен кешіктірілмей, электрондық нысандағы шот-фактура күнтізбелік 15 күннен кешіктірілмей жазып беріледі.

Қосылған құн салығы заңнамалар арқылы өзгертілген кезде қосымша шот-фактура салық мөлшерлемесін өзгертуді көздейтін заң қолданысқа енгізілгеннен кейін бір айдың ішінде жазып беріледі.

Қосымша ЭШФ-ның жазып берілген күні негізгі шот-фактураның жазып берілген күнінен бастап талап қою мерзімінен аспауы тиіс.

ҚР СК 46-бабына сәйкес, талап қою мерзімі 5 жылды құрайды.

Электрондық түрдегі қосымша шот-фактура бекітілген нысанда жазып беріледі. Электрондық шот-фактураның нысаны "Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 77 бұйрығымен бекітілген. Сонымен қатар бұл бұйрықта электрондық түрдегі қосымша шот-фактураны рәсімдеу ережелері бар.

Электрондық түрдегі қосымша шот-фактура, егер негізгі шот-фактура да электрондық түрде жазып берілген жағдайда жазып берілуі мүмкін. Сонымен қатар, егер негізгі шот-фактура электрондық түрде жазып берілсе, онда қосымша шот-фактураны тек қана электрондық түрде жазып беруге болады.

  • (6306)

База знаний

Комментировать материалы сайта могут зарегистрированные пользователи.
Вход с помощью STSL

Нет комментариев