Бұрында жасалған электрондық шот-фактураға (ЭШФ) түзетулерді қосу қажет болған жағдайда түзетілген ЭШФ жазылып беріледі. Сонымен бірге, бұрында жазылып берілген (негізгі) электрондық шот-фактура жойылады. Бұрында жазылып берілген шот-фактураға қарағанда түзетілген шот-фактурада тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өзге жеткізушіні көрсетуге болмайды.
Түзетілген электрондық шот-фактураны жазып беру тәртібі ҚР СК 263-бабының 14, 14-1, 14-2 тармақтарымен белгіленген.
Түзетілген электрондық шот-фактурада келесі мәліметтер болу керек:
-
түзету туралы белгі;
-
түзетілген электрондық шот-фактураның реттік нөмірі және күні;
-
электрондық шот-фактуранын реттік нөмірі және күші жойылатың күні;
Түзетілген электрондық шот-фактура қателердің анықталу күнінең бұрын емес және қателердің анықталу 15 күнтізбелік күн ішінде жазылып берілуі тиіс.
Бұрын жазып берілген ЭШФ-ның күніне арқылы түзетілген электрондық шот-фактураның күні салық заңннамасымен белгіленген талап қою мерзімінен аспауы тиіс. Талап қою мерзімі 5 жыл (ҚР СК 46-бабы).
Есінізде болсын, түзетілген электрондық шот-фактураны жазып бергенде ҚР СК 237-бабына сәйкес анықталған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу айналым бойынша жасау күні А бөліміндегі "Дата совершения оборота" 3 тармағында "Общий раздел" міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Сонымен бірге, түзетілген шот-фактурадағы өткізу бойынша айналым жасау үшін күні күші жойылған шот-фактурадағы өткізу бойынша айналым жасау үшін күні арқылы аңықталады.Бұл күн түзетілген ЭШФ-ның жазып берілген күнінен ертерек күнге түзетілуі мүмкін.
ЭШФ АЖ-сінде түзетілген электрондық шот-фактура жазып беру үшін Выписать исправленный счет-фактуру функциясымен пайдалануға болады. Түзетілген ЭШФ тек қана ЭШФ АЖ-сінде ресімделген негізгі ЭШФ арқылы жасалады. Егер негізгі шот-фактура қағаз ңұсқасында жазып берілген болса, түзетілген шот-фактура да тек қағаз ңұсқасында жазып беріледі.
Түзетілген ЭШФ-ны және оған қосымша ЭШФ-ларды жазып беру кезінде негізгі шот-фактура күші жойылады. Өз кезегінде күші жойылған шот-фактура жарамсыз болып табылады және есепшілікте көрсетілінбейді.
ЭШФ АЖ-сінде күш жойылған шот-фактураларды Аннулированные және түзетілген шот-фактураларды Исправленные бөлімдерінен көруге болады.
Түзетілген шот-фактура түзету күнімен жазып беріледі. Мысалы, негізгі электрондық шот-фактура 2015 ж. қантар айының 11 күнімен жазып берілсе, қате 2016 ж. қантар айының 5 күнінде табылса, оңда түзетілген шот-фактура 2016 жылғы қантар айының 17 күнімен жазып беріледі. Бұл түзетілген шот-фактураны жазып беру талаптарына сәйкес келеді.
Нет комментариев